ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің ипотекалық қарыз иелеріне көмек береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің ипотекалық қарыз иелеріне көмек береді

04.01.2015
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің ипотекалық қарыз иелеріне көмек береді

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ, Алматы қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, берешектер мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестіктермен, жекелеген екінші деңгейлі банктермен (несие беруші банктер) өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум тараптары қазіргі таңда несие беруші банк алдында қарызы бар бола отырып құжат бойынша қарызды бірреттік жаба алмайтын ипотекалық қарыз иелерінің мәселелерін шешудің оңтайлы жолын іздеудің мүмкін шаралары мен қажеттіліктерін қабылдауға келісті.

Ұлттық банктің хабарлауынша, Құжаттың мақсаты екінші деңгейлі банктермен әріптестік құратын ипотекалық қарыз иелерінң қолдау көрсету және несие беруші банктермен азаматтарды жылыту маусымы кезінде үйден қуып шығуға жол бермеу мәселелерін реттеу болып табылады. 

Осы орайда Меморандум ипотекалық қарыз иелерінің мәселелерін шешу жолын іздестіруге бағытталған шаралар тізімін бекітеді.

Хабарламаларға жазылу