«7-20-25» бағдарламасы бойынша ескі үйлерді де ипотекаға беру керек - депутат

15.10.2020

Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар әлі де қолжетімсіз. Мемлекеттік жобалардың көбінде кемшілік бар. Бүгін сенаторлар ипотекалық қарыз беретін екінші деңгейлі банктерге бақылауды күшейту керектігін айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. 

Асима Нұрбайқызы, тілші:
Депутат Ләззат Сүлеймен 3 бағдарламаның аясын кеңейтуді ұсынды. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін баспана алу өте қиын. Еңбек табысын растай алмағандықтан, олар ипотекалық кредит ала алмайды. Бұл бір. Екіншіден, «7-20-25» бағдарламасы тек жаңа үйлерге арналған. Бұл талапты өзгертіп, ескі үйлерді де қамту керек деп отыр. Ал «Баспана хит» бағдарламасын айлығы 170 мың теңгеден аз азаматтар ала алмайды. Мұны да қайта қарау керек. Сонымен қатар, сенаторлар ипотекалық қарызын төлей алмағандарды үйінен мәжбүрлеп шығаруға тыйым салу керектігін ұсынды. 
Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мәжбүрлеп шығаруға тыйым салу негіздерінің тізімі сапалы түрде жан-жақты қайта қаралуы керек. Алдын алу шараларын қабылдау, атап айтқанда азаматтардың ипотекалық қарызды төлеу жөніндегі тәуекелдері мен мүмкіндіктеріне мұқият талдау жүргізе отырып, азаматтарға ипотекалық қарыздар беру кезінде екінші деңгейлі банктердің бақылауын күшейту қажет. 
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Қазір үй кезегінде шамамен 530 мыңға жуық адам тұр. Жыл сайын олардың саны тағы 50 мың адамға көбейеді. Сондықтан баспана мәселесіне ерекше бақылау керек деп отыр. 
сенат депутаттық сауал ипотека несие баспана

Хабарламаларға жазылу