«Текті сөздің төресі - терме» атты термешілер байқауы өтті
Өнер сайысына еліміздің барлық өңірінен термешілер жаңа леппен қатысты.
Шарт бойынша үміткерлер «Ұлытауда туған ұлы ойлар», «Тілден артық қасиет жоқ», «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл», «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты тақырыптар аясында зерделі сөз өріп, оймақтай ойды білдіруі тиіс.
Байқауға 32 термеші қатысты.
Ал, ақтық сында Елмұра Жаңабергенова, Армат Исламғалиев, Кеңесбай Әшірбаев және Ерболат Шалдыбеков сынды есімі елге танымал ақындар мен дарынды термешілер бақ сынасты.
Сөз тереңіндегі маржанды теріп, тыңдарманын ой құшағына батыратын соны термелерді тыңдағыңыз келсе, Ұлттық арнаны қосыңыз. Сағат 16:25-те эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14