Осы жолы сервистік акцияға 83 мың Chevrolet Suburban, Chevrolet Tahoe, GMC Yukon, Cadillac Escalade жол талғамайтын көліктер, Chevrolet Silverado, GMC Sierra және Chevrolet Avalanche ілікті. Олардың барлығы 2011-2012 жылдар аралығында шығарылған.
Бұл көліктердің оталдыру құлпындағы ақау кілттің кездейсоқ бұралып кетуіне, ол двигательдің өшуіне, тежегіштің күрт іске қосылуына соқтырады.
GM 34 елде жеңіл және жүк көліктерін шығарады, оларды 140 елде сатып, техникалық қызметтер көрсетеді.
Фото: carlook.net