«Атырау» командасы 9 ұпайынан айырылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атырау» командасы 9 ұпайынан айырылатын болды

02.03.2017
«Атырау» командасы 9 ұпайынан айырылатын болды
Бұл шешімді FIFA-ның тәртіптік комитеті шығарған. Олардың айтуынша, «Атырау» клубында 2011-2012 жылдары өнер көрсеткен қорғаушы Джонатас пен жаттықтырушы Зоран Филиппович бұған дейінгі қарызды өтемеген.
Ал, футбол клубының әкімшілігі бұл шешіммен келіспейді. Қазір Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы биылғы Чемпионаттың турнирлік кестесіне тиісті өзгертулер енгізіп үлгерген.

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу