«Associated Press» журналистерді тәжірибеден өтуге шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Associated Press» журналистерді тәжірибеден өтуге шақырады

03.01.2015
«Associated Press» журналистерді тәжірибеден өтуге шақырады

 

«Associated Press» «Global News Internship» бағдарламасы бойынша журналистиканы үйренгісі келетіндерді  12 апталық ақылы  тәжірибеден өтуге шақырады.

Бағдарлама бойынша АҚШ-тың  8 қаласында тәжірибеден өтуге болады. Олар: Чикаго, Майами, Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Филадельфия, Финикс, Роли және Вашингтон. Ал, әлем бойынша 10 қала  -  Бангкок, Берлин, Лондон, Йоханнесбург, Мехико, Нью-Дели, Париж, Рио-де-Жанейро, Сеул және Токио ұсынылған.

Тәжірибеден өтушілер мәтін түрінде және фото-видеорепортаждар әзірлейді. Олардың міндетіне сұхбат алу, әлеуметтік медиаға мониторинг жасау,  шұғыл ақпаратты телефон арқылы  беру немесе оқиға орнынан ақпарат тарату  кіреді.  Сондай-ақ, бизнес, спорт және қоршаған орта туралы  материал жазу сияқты тапсырмалар беріледі.

Үміткерлер  өмірбаян, түйіндеме және жолдама хатымен қоса 5 жұмысы мен 2 ұсыныс хат жіберуі керек.  Өтініштер 12-қаңтарға дейін қабылданады.

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу