«Сенбілік таң» бір жылды қорытындылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» бір жылды қорытындылайды

03.01.2015
«Сенбілік таң» бір жылды қорытындылайды

Бүгін «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы бір жылды қорытындылап,  «Махаббат баяны»  байқауының жеңімпазын анықтайды.

Байқау ережесі бойынша, ақындардың өлеңдеріне бейнебаян түсіріліп, көрермендерге әр сенбі сайын Ұлттық арна эфирінен ұсынылды.

Жыр байқауының қазылар алқасы құрамында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Серік Тұрғынбекұлы және  филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серікзат Дүйсенғазин болды. Таңғы бағдарламаның бастамасына  «Әдемі-ай» компаниясының директоры Баһаргүл Төлегенқызы, «Түгел-Медиа» бірлестігінің басшысы Сәдібек Түгел демеушілік көрсетті.

Байқауға қатысқандар қатарында ақын Бауыржан Игілік, Ержан Жаубай, Бауыржан Қарағызұлы, Құралай Омар, Арман Шеризат,  Жандарбек Жұманов және Сәтжан Қасымжанұлы және т.б бар.

«Сенбілік таңның»қорытынды бағдарламасын бүгін, сағат 09:00-де Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу