Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы АПЛ аясындағы «Ливерпуль» - «Арсенал» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы АПЛ аясындағы «Ливерпуль» - «Арсенал» матчын тікелей эфирде көрсетеді

13.01.2016
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы АПЛ аясындағы «Ливерпуль» - «Арсенал» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін, 13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні, АПЛ аясында «Ливерпуль» өз алаңында чемпионаттың көшбасшысы «Арсенал» клубын қабылдайды. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 01:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, әзірге 20 ойында 30 ұпай жинаған «Ливерпуль» 8-ші орында келеді. Ал, Арсен Венгер шәкірттері 42 ұпаймен АПЛ-да көш бастап тұр.

Соңғы турда Юрген Клопптың командасы «Вест Хэм Юнайтедтан» 2:0 есебімен ұтылса, «Арсенал» өз алаңында «Ньюкасл Юнайтедты» 1:0 есебімен жеңген еді.

Хабарламаларға жазылу