Қандай елде қанша алтын қоры бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандай елде қанша алтын қоры бар?

05.11.2015
Қандай елде қанша алтын қоры бар?
Әлемдік алтын кеңесінің мәлімдемесін қарасақ, тізімді АҚШ бастап тұр.

Қандай елде қанша алтын қоры бар? Әлемдік алтын кеңесінің мәлімдемесін қарасақ, тізімді АҚШ бастап тұр. Бұл елдің қорында 8 мың 133 тонна таза алтын бар. Бұл елдегі алтын валюта қорының 73,7 пайызы.

Екінші орында - Германия. Ал, Қытай 1658 тонна алтынымен бесінші орында тұр. Ал, төрт жыл бұрын 39-шы орыннан көрінген Қазақстан биыл 24-ші орынға жылжыпты.

Маусымдағы дерек бойынша, алтын қорымыз 205 тоннаға жеткен. Бұл алтын-валюта қорының 26,8 пайызы екен.

Ламбриан ТОПУЗИДИС

Хабарламаларға жазылу