
Ертең, 27 желтоқсанда республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Жексенбі мен дүйсенбі күндері жауын-шашын тоқтап, температура төмендей бастайды.
Ал, батыс облыстарда қар циклоны қайта басталмақ. Осыған байланысты көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін күшейеді.
