Діни бағыттағы 8 мыңнан астам интернет-сайттың мазмұны талдаудан өткізілді – Ғалым Шойкин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни бағыттағы 8 мыңнан астам интернет-сайттың мазмұны талдаудан өткізілді – Ғалым Шойкин

24.12.2014
Діни бағыттағы 8 мыңнан астам интернет-сайттың мазмұны талдаудан өткізілді – Ғалым Шойкин

Сараптама қорытындысы бойынша 244 сайттың жұмысын ел аумағында бұғаттау жөнінде жөнінде тиісті органдарға кеңес берген. Бұл туралы комитет төрағасы Ғалым Шойкин  мәлімдеді.

Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте елімізде дін мәселелері бойынша 700-ден астам ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейтіні айтылды.

Тікелей осы топтардың күшімен түрлі форматта 17000 шақты мақсатты іс-шаралар өткізілген. 2014 жылы 1,5 миллионнан астам адам ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылған. Оның 775 мыңы – жастар.

Тәулік бойы және тегін жұмыс істейтін «114 - Жедел желі» ұйымдастырылды және оларға хабарласқан 700-ден астам адам кеңес алған.  

 

Хабарламаларға жазылу