Бауыржан Момышұлы – жетік стратег, асқан тактик және мықты психолог - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Момышұлы – жетік стратег, асқан тактик және мықты психолог

24.12.2014
Бауыржан Момышұлы – жетік стратег, асқан тактик және мықты психолог

II Дүниежүзілік соғыста қайтпас қайсар ерлігімен танылған қазақтың батырлары аз емес. Соның ішінде бірі де бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Ол майдан даласында ұрыс жүргізуде әскери шеберлігімен көзге түсіп, ерліктің ерен үлгісін көрсетті.

Командир Момышұлы – жетік стратег, асқан тактик және мықты психолог болғаны анық. Ал, оның өміріндегі ең ерекше шайқастардың бірі – Мәскеу түбіндегі ұрыс еді. Ол қақаған қыста сарбаздарымен Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды бұзып шыққан.

Жалпы саны 27 рет қол бастап, ұрысқа кірген. Гвардияға және полкқа басшылық еткен. Соғыс тарихында болмаған тактикалық әдістер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Қолына қару алып, жауға шапқан батыр қаламгерлік қырымен де танылғаны елге аян. Оның қаламынан «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы» және т.б.шығармалар туды.

 Соғыстан кейінгі жылдары батыр Баукең елдің ыстық ықыласына бөленді. Көптеген марапатқа да қол жеткізді. Даңқты қолбасшы майдан даласында қаза болған есіл ерлердің рухына дәйім тағзым етіп, болашақ ұрпақтың амандығын тіледі.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу