Ең «қымбат» қызмет түрлері арасындағы бес үздікті бас директорлар (СОО) бастап тұр. Олар 3 634 000 теңгеге дейін жалақы алады екен. Ал, media director, Group-Head – 2 180 000 теңге көлемінде еңбекақы алса, қауіпсіздік қызметінің жетекшілері – 1 817 000 теңге алады.
Консалтинг басқармасы бойынша кеңесшілер 1 817 000 теңге, қонақүйдің бас директоры (Hotel GM) - 1 817 000 теңге алады.
Сонымен қатар, еңбекақысы жоғары қызметтер қатарында менеджмент – 213 000 теңге, мұнай саласы – 174 000 теңге, құрылыс, жылжымайтын мүлік – 149 000 теңге, интернет, телеком – 124 000 теңге алатындар тұр.
Ең жоғары жалақы жетекшілік қызметтерде байқалады. Әсіресе, өндіріс, маркетинг, жарнама және PR салаларында.