Абсент – таза қанды ақалтеке тұқымдас сәйгүлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абсент – таза қанды ақалтеке тұқымдас сәйгүлік

23.12.2014
Абсент – таза қанды ақалтеке тұқымдас сәйгүлік

1960 жылғы Рим Олимпиадасынан алтынмен оралған Абсент есіңізде ме? Қазақ даласынан шыққан асыл тұқымды жылқының бізге беймәлім тағдыры туралы не білесіз?

Абсент – таза қанды ақалтеке тұқымдас сәйгүлік. 1952 жылы Жамбыл облысының «Луговой» асыл тұқымды зауытында Баққара есімді биеден туған. Абсенттің тұқымы Араб есімді айғыр.

1945 жылы маршал Жуков Жеңіс парадына осы Абсенттің арғы тұқымын мініп шыққан. Шабандоз Сергей Филатов арғымақпен Рим Олимпиадасынан алтын, 1964 жылы Токио Олимпиадасынан күміс жүлдемен оралды.

1969 жылдан бастап сәйгүлік Молдаш Әміреұлының қолына тиеді. Ал, бас бапкері Кәрім Әсенов еді.  Абсентті спортқа баулып, болашақ үлкен бәсекелерге бейімдеудің алғашқы баспалдағы «Луговой» жылқы зауытынан басталды.

Абсент алғаш рет 1958 жылы көзге түсті. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық көрмеде таңдай қақтырып, тәкаппар жүрісімен елдің есін алған жануардың мүсіні мен сұлулығы білгір мамандардың өзін жалт қаратты.

«Ондай жануарды ұмытуға болмайды. Ол – жалғыз қазақтың ғана емес, тұтас Кеңес үкіметінің атағын шығарған ат. Ол – біздің қазақтың маңдайына жазылған бақ болды. Қазақ «Ат – ер қанаты», деп бекер  айтпаса керек-ті. Қазақ жылқысыз өмір кеше алмайды», -дейді Құлан ауылының тұрғыны Мейілбек Беғазиев.

Қазақ жерінің атағын аспандатқан Абсент турасында толығырақ «Таңшолпанның» арнайы сюжетінен біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу