2015 жылы елордада төрт денсаулық сақтау нысаны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы елордада төрт денсаулық сақтау нысаны ашылады

22.12.2014
2015 жылы елордада төрт денсаулық сақтау нысаны ашылады

Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау нысандарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында елордада психохрониктерге арналған емдеу-өндірістік шеберханасының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Астана қаласы Құрылыс басқармасынан хабарланды.

Сонымен қатар, 2015 жылы Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшелердің қиылысындағы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Железнодорожный тұрғын алабының солтүстік-шығысында орналасқан туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы, сол жағалауда орналасқан амбулаториялық-емхана кешені, бір ауысымда 150 келушіге арналған 250 кереует-орынға арналған медициналық-санитарлық оңалту орталығының құрылысы аяқталады. 

Хабарламаларға жазылу