Алматыда республикалық азаншылар сайысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда республикалық азаншылар сайысы аяқталды

22.12.2014
Алматыда республикалық азаншылар сайысы аяқталды

Сонымен дауыс ырғағы, тәжуид ережесі, әуезді үн, т.б. талаптар бойынша топ жарған «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Еркебұлан Байғабылов (Астана) қазылардың шешімімен бірінші орынды иеленді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарманың үлкен қажылыққа тегін жолдамасын салтанатты түрде табыстады.

ІІ орын Қазақ Әлиге (Маңғыстау облысы) бұйырса, ал жүлделі ІІІ орынды Талғат Сматов (Жамбыл облысы) қанжығасына байлады. ІІ, ІІІ орын иелеріне кіші қажылықтың сертификаты берілді.

Бұл сайысқа республика бойынша 44 азаншы қатысты. Жамағатқа жақсы өнерін паш етіп, әуезді азанымен танылған 10 діндарға ынталандыру сыйлықтары берілді және Бас мүфтидің алғыс хаттарымен марапатталды.

Азаншылар сайысының жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет игі дәстүр болашақта жалғасын табатынын жеткізді. Қалалық мешіттердің ұйымдастыруымен сайысқа қатысқандар Медеу шатқалдарын аралап, шаһардың шырайлы жерлерін тамашалады.

Хабарламаларға жазылу