Жұматай – болмысы бөлек ақын еді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұматай – болмысы бөлек ақын еді

19.12.2014
Жұматай – болмысы бөлек ақын еді

Қазақ поэзиясында есте жоқ ескі заман­дардан бері келе жатқан махаббат жыр-дастандарының жалғасы іспетті бүгінгі заманның махаббат лирикасын сұлу әуенмен нақышына келтіріп жазған ақындардың бірі — Жұматай Жақыпбаев.

Өмірді де, өлеңді де  құлай сүйген Жұматай –лирик ақын. Сезімді жырлайтын. Жүрегінен шашыраған жыр ұшқындары әр кеудеде от болып маздайды. Оның поэзиясы – туған жерінің табиғатымен, ағайын-жұртымен, барлық жастағы адамдармен  үнсіз сырласады.

Төрт құбыланы түгел жырлаған  бірегей ақын Жұматай Жақыпбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда» сөз болмақ.

Хабарламаларға жазылу