Ең жомарт жұмыс берушілер – Маңғыстау облысында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең жомарт жұмыс берушілер – Маңғыстау облысында

18.12.2014
Ең жомарт жұмыс берушілер – Маңғыстау облысында

2013-2014 жылдардың қазан айында еңбекақы қоры 14,1 пайызға өсіп, 431,6 миллиард теңгеге көбейген. Мұнайлы өңір мен Астанадағы өсім 20 пайыздан асқан, деп хабарлайды Ranking.kz. сараптамалық қызметі.

Еңбекақы қоры даму қарқынының көшбасшылары – Маңғыстау облысында (23,9 пайызға, 32,5 миллиард теңгеге дейін), Атырау облысында (23,7 пайызға, 40,2 миллиард теңгеге дейін) және Астана (21,7 пайызға, 44,2 миллиард теңгеге дейін).

Ал, жалпы еңбекақы қорының 17 пайыздан астамы әдеттегідей қаржы орталығы саналатын Алматының еншісінде. 10 пайыздан астамы Астананың үлесінде болса, 9,3 пайыз – Атырау облысына тиесілі.

Ең аз мөлшер Солтүстік Қазақстан облысында – 2,5 пайыз, Жамбыл облысы – 3 пайыз, Ақмола облысы – 3,2 пайыз.

Хабарламаларға жазылу