Тәуелсіздік ұлттық поэзияны қарқынды дамытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік ұлттық поэзияны қарқынды дамытты

16.12.2014
Тәуелсіздік ұлттық поэзияны қарқынды дамытты

Тәуелсіздік арқылы егеменді еліміздің әдеби ахуалы, оның ішінде ұлттық поэзия қарқынды дамыды. Ғасырдан ғасырға жеткен бабалар жыры бүгнгі заман ағысымен биік белеске көтерілді. Ең бастысы, халқымыздың еңсесі түзеліп, шығармашылыққа еркіндік берілді.

Осы уақыт бедерінде Фариза Оңғарсынованың, Ұлықбек Есдәулеттің, Иран Ғайыптың, Ғалым Жайлыбайдың, Жәркен Бөдештің, Бауыржан Жақыптың және т.б. ақындардың шоқтығы биік кітаптары өмірге келді. Танымал ақын Серік Тұрғынбекұлының жырларының негізгі дені – еркін елдің болашағымен тікелей байланысты.

«Тәуелсіздіктің қасиетін түсіне бастаған кезде, басқаларды қайдам, ақындар ғашығына, махаббатына жолыққандай,  ғажап күй кешеді екен. Бұрын сусап жүрсең, суға қоя берген балық сияқты болды. Содан еркін сілтеуге тырысады екенсің. Сондай менің басыма да келді. Мен Тәуелсіздікті осылай сездім. Ақындықтың ең басты кредосы – ұлтыңның сөзін сөйлеу, ұлтыңды ұйыту, ұлттық рухыңды көтеру»,-дейді ақын.

«Несіпбек ақынның шығармашылығын қыдыра шолғанда оның алтын арқауы – Алаштың азаттығы. Ұлттың ұлы екені көзге айқұлақтана шалынады»,-дейді Серік Ақсұңқарұлы.

«Ел еркіндікке қол жеткізгенде қаламгер «Бәйтерек», «Көгала үйрек», «Ту», «Ақмола шайқасы» поэмалары мен өлеңдерін жазды. Мұның барлығы осы бейбіт күннің берген несібесі»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу