«Қазақстан» РТРК» АҚ «Балапан» телеарнасының жаңа бағдарламаларына аутсорсинг компаниялар арасында өткізілетін байқаудың іріктеу турын жариялайды.
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2014 жылдың 15 желтоқсаны мен 2015 жылдың 15 қаңтары аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасында қабылданады.
Бағдарламаның жанрлық бағыты:
№ |
Бағдарлама жанры |
Бағыты |
Ұзақтығы (минут) |
Аудиториясы |
1 |
Оқу-танымдық |
Анимация |
10 |
3жастан жоғары |
2 |
Спорттық |
Телебағдарлама (ұлттық ойын түрлері де қамтылуы тиіс) |
20 |
6 жастан жоғары |
3 |
Телехикая |
Көркем телехикая (ұлдар үшін) |
30 |
3жастан жоғары |
4 |
Телехикая |
Көркем телехикая (аралас, жан-жақты қамтылған) |
30 |
4 жастан жоғары |
5 |
Оқу-танымдық |
Телебағдарлама (графикалық безендіру) |
20 |
5 жастан жоғары |
6 |
Әлеуметтік-танымдық |
Анимация, телебағдарлама (графикалық безендіру) |
10 |
4жастан жоғары |
7 |
Музыкалық-танымдық |
Телебағдарлама (графикалық безендіру) |
75 |
5 жастан жоғары |
8 |
Танымдық-ойын сауықтық |
Телебағдарлама (графикалық безендіру) |
20 |
6 жастан жоғары |
9 |
Ғылыми-танымдық |
Телебағдарлама (графикалық безендіру) |
20 |
7 жастан жоғары |
10 |
Оқу-танымдық |
Телебағдарлама, анимация |
10 |
5жастан жоғары |
11 |
Кешкілік ертегі |
Анимация |
10 |
3 жастан жоғары |
12 |
Спорттық-ойын сауықтық |
Телебағдарлама (графикалық безендіру) |
10 |
5жастан жоғары |
13 |
Ақпаратты танымдық |
Анимация |
5 |
5жастан жоғары |
14 |
Әзіл-сықақтық |
Телебағдарлама (графикалық безендіру) |
20 |
5жастан жоғары |
Тілі: Қазақша
Ұсынылған бағдарламаға қойылатын талап: ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.
Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай болуы керек: Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы керек (балалар аудиторисымен жұмыс істегендігі де ескеріледі), ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі.
Қосымша ақпарат: Қосымша компания туралы ақпарат пен жасалған жобалар туралы презентациялық материал ұсынуға болады.
Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55 38 01 телефонына хабарласып немесе balapan@kaztrk.kz электронды мекенжайы арқылы ала алаласыздар.