Алдағы жылдан бастап әуе билеттерінің бағасы төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы жылдан бастап әуе билеттерінің бағасы төмендейді

04.11.2018

Қалтаны қаққан қымбат баға, ұшып тұрған ұшақ билеттері көпшіліктің жанына батып жүргені өтірік емес. Келесі жылдан бастап, әуе билеттерінің бағасы арзандайды екен. Ол үшін «Эйр Астананың» жанынан бюджеттік әуе компаниясы құрылады. Сондай-ақ, жолаушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударылып, бұл істе британ моделін қолдану көзделіп отыр. Жұма күні Ақордада Елбасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті, «Самұрық- Қазына» әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Эвансты және «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы азаматтық авиацияны дамыту мәселелерін қозғап, нақты тапсырмалар берді. 

 

Айбек ҚОБДАБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу