Бұл туралы бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев айтты.
Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланды.
«Қазіргі күні Үкіметте Елбасы тапсырмасына орай түзілген бағдарлама қаралып жатыр. Ондағы мәселелердің барлығы мақұлданғаннан кейін, ресми түрде хабарланатын болады. Бағдарлама жыл соңына дейiн қабылданады», - дедi министрдің орынбасары.
ҚазАқпарат