Ақтөбе облысындағы Қайыңдысай ауылына газ берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы Қайыңдысай ауылына газ берілді

06.12.2014
Ақтөбе облысындағы Қайыңдысай ауылына газ берілді

Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев пен Алға ауданының әкімі Асқар Шериязданов ауылға көгілдір отынды салтанатты жағдайда қосты.

Ауылды газбен жабдықтауға облыс бюжджетінен 50,4 миллион теңге бөлінді. Енді 2012 жылы салынған орта мектеп, 342 адам тұратын 78 үй газбен қамтамасыз етілді.

Облыс әкімінің орынбасары М.Жұмағазиевтің айтуынша, ауылды газдандыру өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, бюджет қаражатттарын үнемдеуге де жәрдемдеседі. Егер бұрын ауылдық мектепті жылумен қатмамасыз ету үшін сұйық отынға аудандық бюджеттен 10,2 миллион теңге бөлініп келген болса, енді мектепті газбен жылыту жүйесіне 600 мың теңге ғана төлеу қажет.

Бүгінгі таңда Алға ауданының газбен қамтамасыз етілуі 84 пайызды құрайды.

Хабарламаларға жазылу