Талғат Теменовтің «Дарабоз» атты шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат Теменовтің «Дарабоз» атты шығармашылық кеші өтеді

03.12.2014
Талғат Теменовтің «Дарабоз» атты шығармашылық кеші өтеді

Бүгін Астанада «Шабыт» шығармашылық сарайында  Т.Теменовтің  60 жасқа  толуына орай «Дарабоз» атты шығармашылық кеші өтеді.

Біздің анықтама:

Талғат  Досымғалиұлы  Теменов  1976  жылы  Құрманғазы  атындағы  Алматы  Мемлекеттік  консерваториясының  театр  факультетінің  актерлік  бөлімін  бітірген.  Шығармашылық  жолын  Талдықорған  облыстық  театрының  актері  болып  бастап,  қазақ  және  шетел  драматургтерінің  шығармалары  бойынша  қойылған  түрлі  пландағы  20-дан  астам  рөлдерді  сомдаған.

Т.Теменов  1982  жылы  Мәскеудегі  сценаристер  мен  режиссердің  екі  жылдық  жоғарғы  курсына  түсіп,   оны  1986  жылы  ойдағыдай  бітіреді.  Мұнда  диплом  жұмысы  ретінде  «Торо»  атты  қысқаметражды  фильм  түсіріп,  «Киев»  қаласында  өткен  «Жастық – 86»  фестивалінде  «Ең  үздік  режиссерлық»  және  «Ең  үздік  ер  адам  бейнесі»  үшін  арнаулы  жүлделерін  жеңіп  алады.

Т.  Теменов  1986 – 1988  жылдар  аралығында  «Мосфильм»  киносту-диясында  режиссер  болып  қызмет  етеді.  Осында  жүріп  ол  өзінің  «Адамдар  арасындағы  бөлтірік»  атты  тұңғыш  толықметражды  фильмін  түсіреді.  Бұл  фильм  «Франтурт  на  Майне»  қаласында  өткен  кинофес-тивалінде  бас  жүлде,  Италияның  Джиффони  қаласындағы  фестивалінде  күміс  жүлде,  Португалияның  Лиссабоне  қаласындағы  арнайы  жүлдеге  ие  болды.  1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасына  арналған  «Қызғыш  құс»  фильмі  Италияның  Турин  қаласындағы  өткен  фестивалінде  арнаулы  жүл-де  алды.  «Махаббат  бекеті»  Берлинде,  Сингапур,  Франция,  Филиппинде  өткен  кинофестивальдерге  қатысты.

Т.  Теменов  «Таң  нұры»   (1981 ж.),  «Гүлназ»  (1987 ж.)  атты  кітап-тардың  авторы.

Т.  Теменов  1990 – 1994  жылдары  Т.  Жүргенов  атындағы  театр  және  кино  институтына  басшылық  етті.  Осы  кезеңде  ол  институтта  кино  актер-лері  мен  режиссерлерін  дайындайтын  шеберхана  ашты.  Бұл  қазақ  кино  өнерінде  көптеген  жаңа  толқынның  келуіне  мүмкіндігін  туғызды.

Талғат  Теменов  кино  саласында  қоюшы-режиссер  ретінде  аз  уақыттың  ішінде  көрермендердің  құрметіне  бөленіп,  есімі  жұртшылыққа  кеңінен  мәлім  болды. Шығармашылық  еңбегі шетелдерде де  жоғары  бағаланды.

1999  жылы  жарыққа  шыққан  «Қазадан  соңғы  жаза»  фильмінде  режиссер  үнемі  ізденіс  үстінде  жүретінін,  өзге  ешкімге  ұқсамайтын  ерекше  қолтаңбасы  бар,  шынайы  суреткер  екенін  тағы  бір  дәлелдейді.

Талғат  Теменов  «Көшпенділер»  кинофильмінің  қоюшы – режиссері  болды.

2005-2014   ж.ж.  Талғат  Теменов -  Ғ.  Мүсірепов  атындағы  қазақ  мем-лекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрынының   көркемдік  жетекшісі – директоры қызметін атқарды.

Аталмыш театр сахнасында  «Көгілдір  такси»,  «Алма  бағы»  атты  екі  пьеса  жазып,  режиссер  ретінде  сахнаға  шығарды.  Соңғы  пьеса  түркітілдес  елдердің  театрлардың  IV-Халықаралық  фестиваліне  «қазақ  халқының  ұлттық  дәстүрі  мен  аға  ұрпақтың  мұратын  қадірлегені»  үшін  атты  арнаулы  марапатқа  ие  болды.

1986 жылы  Т.  Теменов  Ленин  комсомолы  сыйлығының  лауреаты  атанды.

1993  жылы  Ұлттық  өнерді  дамытуға  сіңірген  еңбегі  үшін  «Қа-зақстанның  Халық  әртісі»  атағын  алды.

2005  жылы  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  Жарлығымен  «Құрмет»  орденімен  марапатталды.

Шыңғыс  Айтматов  атындағы халықаралық  сыйлықтың  иегері.

2014  жылдан  Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.

Сурет: kapital.kz

Хабарламаларға жазылу