Қазақстандықтарға КО-ның кез-келген елінде көлік сатып алуға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға КО-ның кез-келген елінде көлік сатып алуға рұқсат берілді

01.12.2014
Қазақстандықтарға КО-ның кез-келген елінде көлік сатып алуға рұқсат берілді

Қазақстан, Ресей мен Беларусь автоқұжаттың ортақ нұсқасына көшуде. Осылайша, бұл елдердің азаматтары одаққа мүше кез-келген елде көлік сатады немесе сатып ала алады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Кедендік одақтың «Көлік құралы және өзге де техника түрлері құжатының және электрондық паспорт жүйесін ұйымдастырудың бірыңғай нұсқасын енгізу туралы келісім күшіне енді.

Көлік құралы құжатының (КҚҚ) бірыңғай формасының қағаз және электронды түрі бар.

Бұрын Беларусь немесе Қазақстанда сатып алынған көлікті Ресейде тіркеу кезінде қиындықтар туындаған. Алдымен ресейлік кеденде жаңа КҚҚ рәсімдеп, Евро-5-ке сәйкестігін растайтын сертификат алғаннан кейін ғана көлікті тіркейтін. Енді мұндай мәселе туындамайтын болды. Сарапшылардың пікірінше, бұл жаңашылдық КО елдері арасындағы автомобиль саудасының өсуіне сеп болады. 

 

Хабарламаларға жазылу