«Ұлықбек Есдәулет дәрісі» әдеби кеші өтеді
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының 10 жылдық мерейтойына орай «Елбасы және ұлттың рухани жаңғыруы» тақырыбында өткізелетін халықаралық форумының аясында «Қазіргі қазақ поэзиясы және жастар. Ұлықбек Есдәулет дәрісі» атты ашық әңгіме форматындағы әдеби кездесу кеші өтеді. Бұл туралы adebiportal.kz хабарлайды.
Кеште ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Алтын Есенин» медалінің кавалері, ақын Ұлықбек Есдәулет қазіргі дүние және қазақ поэзиясының даму барысы туралы өз ойларымен бөліседі.
Кездесу 29 қараша күні сағат 17:00-де Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді.
Айта кетейік, ақынның түрік тілінде «Siirler» («Жырлар») атты жыр жинағы жарық көрді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08