Шахматтан норвегиялық Магнус Карлсен Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахматтан норвегиялық Магнус Карлсен Әлем чемпионы атанды

24.11.2014
Шахматтан норвегиялық Магнус Карлсен Әлем чемпионы атанды

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен шахматтан Әлем чемпионы атағын қайта жеңіп алды. Карлсен үндістандық Вишванатан Анандпен өткен матчта жоспарланған 12 партияның 11-ін ұтып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Қорытынды есеп - 6,5:4,5. Бәсеке Сочидегі Олимпиада саябағының басты медиа орталығында өтті.

Өткен жылы да Карлсен Әлем чемпионы титулы үшін Анандпен ойнап, одан 6,5: 3,5 есебімен басым түскен болатын.

Сурет: others.sport-express.ru

Хабарламаларға жазылу