Павлодар облысында жыл соңына дейін жаңа 3 зауыт іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жыл соңына дейін жаңа 3 зауыт іске қосылады

21.11.2014
Павлодар облысында жыл соңына дейін жаңа 3 зауыт іске қосылады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаның жалпы құны 23 миллиард теңгені құрайды.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Павлодар арнайы экономикалық аумағын дамыту жұмыстары жалғасуда. Арнайы экономикалық аймақ аумағында қазірдің өзінде 17 миллиард теңге инвестицияны құрайтын үш кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде бұған дейін өңірде болмаған, мүлдем жаңа өнім болып табылатын дезинфекциялық дәрілер шығаратын кәсіпорын бар», - деді әкім.

Хабарламаларға жазылу