БҚО-да жыл соңына дейін бірнеше жаңа кәсіпорындар іске қосылады
Карантиндік шектеулерге қарамастан Батыс Қазақстан облысының өндіріс саласында өсім бар. 10 айда 365 млрд теңгенің инвестициясы құйылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті. Жыл соңына дейін тері өңдейтін, жиһаз құрастыратын, трансформатор шығаратын жаңа кәсіпорындар іске қосылмақ. Жалпы өңірде қазір 1,9 млрд теңгенің 25 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Брифингте әкім өңірдегі өзекті мәселелерге де тоқталды. Мысалы биыл Қазталов, Жаңақала сияқты облыстың оңтүстік аудандарының халқы судан таршылық көрген болатын. Бұған себеп- Қара және Сары өзендерге Ресейден келетін судың азаюы.
Ғали Есқалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:- Біз сол деректерді көрсетіп, тиісті хатты Үкіметке жазып табуымыз керек. Егер Үкімет бізді қолдаса қосымша шамамен 2 млрд теңге қаржы керек болады. Осы арқылы Саратов облысынан алып тұрған ауысымды 45 пайызға ұлғайтамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13
Kaspi.kz Джеки Чанның елімізде түсірілетін жаңа фильміне бас серіктес болды
13.07.2026, 20:10