Жолаушылардың әкімшілік орталық, әуежай бағытында жедел тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі өтінішіне және жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 20 қарашадан бастап № 53э қалалық экспресс маршрут іске қосылды.
Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады, деп мәлімдеді Астана әкімдігінің ресми сайты. Экспресс маршрут теміржол вокзалынан Астана қаласының халықаралық әуежайына дейін жүреді.
Бастапқы пункт - т/ж вокзалы, бұдан әрі - Біржан сал көшесі - Жеңіс даңғылы Сейфуллин көшесі Республика даңғылы Ташенов көшесі - Шалқыма көшесі - «М-1» көпірі Орынбор көшесі, Қонаев көшесі Тұран даңғылы Достық көшесі Қабанбай батыр даңғылы соңғы аялдама «Астана халықаралық әуежайы». Автобус осы сызба бойынша қайтады.
Аралық аялдамалар: К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театры, Өнер университеті (муз. академия), БТА банк, «Самал» шағын ауданы, «Ата түрк» бағы, Министрліктер үйі, ҚТЖ, Кардиохирургия клиникасы, Астана-Арена, Назарбаев университеті, «Пригородный» тұрғын алабы.
Экспресс маршруттағы жолақы құны: жалпы - 120 теңге, балалар үшін - 60 теңге, жеңілдікті және балалар мен ересектерге арналған жол жүру билеттері жарамсыз.