Елордада бірнеше жылу нысанының құрылысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бірнеше жылу нысанының құрылысы аяқталды

20.11.2014
Елордада бірнеше жылу нысанының құрылысы аяқталды

Қазіргі кезде Астана қаласында жылумен қамту нысандарын дамытуға бөлінген бюджет қаржысы есебінен 2014 жылы ЖМ-19 қалпына келтіру аясында жер үсті жылыту камерасының құрылысы, ЖМ-5, ЖМ-7 және ЖМ-18 қалпына келтірудің технологиялық бөлімі аяқталды. Бұл туралы Астана қаласының Энергетика басқармасы хабарлады.

Аталған нысандар бойынша абаттандыруды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізілсе, ЖМ-19 жылу магистралінің негізгі трассасы салынып, іске қосылды. Жұбанов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы павильонды, ЖМ-21 қосқышын салу жұмыстары қолға алынды.

№36 көшеде №27 көшеден №31 көшеге дейін ЖМ құрылысы жалғасуда. «Күлсай» ТК, «Альбион» ТК және 1000 орындық жатақхана орталықтандырылған жылумен қамтуға ауыстырылды.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін «Жағалау-3» орталықтандырылған жылумен қамтуға қосылады, Қарталы көшесіндегі № 61 орта мектепті, №53 «Мерей» балабақша мен 1200 орындық №59 мектеп-лицейді орталықтандырылған жылумен қамтуға ауыстыру жұмыстары басталды. 

Хабарламаларға жазылу