Матч алаң иелерінің белсенді ойынымен басталды. Фатих Керимнің жігіттері допты сенімді бақылап, қазақстандық ойыншыларға өзінің айып алаңына жақындауына мүмкіндік аз берді.
Ойынның 22-ші минутында Бурак Йылмаз матч есебін ашуы мүмкін еді, бірақ Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Мокинмен бетпе-бет келген сәтте оның тепкен добы қақпа жанынан қиыс өтті.
Түрік футболшылары шабуылды күшейте түсті. Нәтижесінде пенальтиден Бурак Йылмаз доп соқты. Үш минуттан кейін ол есепті 2:0-ге дейін жеткізді.
Матчтың екінші жартысында Қазақстан құрамасы футболшылары белсенді қимылдай бастады. Дегенмен 83-ші минутта түріктер үшінші доп салды. Ойынның 87-ші минутында қазақстандықтар бір гол соғып, есепті қысқартты. Қорытынды есеп – 3:1.
Келесі матчты біздің футболшылар 28 наурызда өз алаңында «А» тобында екінші орында тұрған Исландия құрамасымен өткізеді.