Су добы. Қазақстанның ерлер құрамасы – Азия ойындарының чемпионы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су добы. Қазақстанның ерлер құрамасы – Азия ойындарының чемпионы

01.10.2014
Су добы. Қазақстанның ерлер құрамасы – Азия ойындарының чемпионы

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында су добынан жарыстар аяқталды.

Финалдық бәсекеде Қазақстан құрамасы Жапония спортшыларын 7:6 (1:0, 3:2, 2:1, 1:3) есебімен ұтып, Азия ойындарының алтын медалін иеленді. Ойында ең көп голды Александр Аксенов (3 гол) соқты.

Ал қола жүлдені Оңтүстік Корея спортшыларын 14:6 (4:1, 0:2, 5:1, 5:2) есебімен жеңген Қытай құрамасы алды.

Бұл – Қазақстанның жалпыкомандалық есептегі 16-шы алтын жүлдесі.

Хабарламаларға жазылу