Қытайлық жігіт сүйіктісіне 99 жаңа iPhone-ды сыйға тартты. Осылайша, ол үйленгісі келетінін айтып, қыздың оған тұрмысқа шығуын өтінген. Алайда, жағдай жігіт ойлағандай болмай шықты.
Жігіт жаңа iPhone кез келген қыздың жүрегін жаулайтынына сенімді еді. Ол қыздың келісімін сұрауға ерекше дайындық жүргізген. 2 жылдық жалақысына 99 iPhone 6 смартфонын сатып алып, оны жүрек пішінінде жинаған. Сөйтіп, сүйгеніне өзіне тұрмысқа шығуына ұсыныс жасаған.
Бірақ, қыз жігіттің сезіміне «жоқ» деп жауап берген. Осынша смартфонды оның енді қайда жіберетіні белгісіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.