«Өткен бес жылда Индустрияландыру бағларламасы аясында энергетика саласында бірқатар жұмыс атқарылды.
Дегенмен, магистральді желілердің шектеулі болуы елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, ал, орталық және шығыс облыстарда табиғи газдың тапшылығын тудырады», - деді.
Осы орайда, Мемлекет басшысы негізгі екі бағытта жұмыла жұмыс істеу керектігін атап өтті.
«Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» бағыттарында жоғары вольтті желілерді салу керек. Бұл еліміздің барлық өңірін теңгерімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.
ҚазАқпарат