Ақмола облысында «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығында «Көшбасшы старты» өзін-өзі басқару мектеп органдары көшбасшыларының республикалық жиыны өтуде.
Шара балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін жандандыру, мектептік өзін-өзі басқару органдары көшбасшыларының басын қосатын алаң құру мақсатымен ұйымдастырылуда.
«Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық бөлімшесі атқарушы хатшысы Жанар Жүнісова бастаған жасотандықтар түрлі тақырыптар бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастардың сұрақтарына жауап берді.
«Біз Ұлт көшбасшысының кәсіби жас командасын құруды көздеп отырмыз. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік басқару, ұлттық даму институттары мен бизнесін жоғары деңгейдегі мамандармен және менеджерлермен қамтамасыз ететін стратегиялық резервке айналу», - деді Ж.Жүнісова.
strategy2050.kz