Шымкентте мәрмәр бұйымдар шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте мәрмәр бұйымдар шығады

04.11.2014
Шымкентте мәрмәр бұйымдар шығады

Осы инновациялық жобасы үшiн оған «Шымкент инновация» мекемесi «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 6 миллион теңге грант бердi.

Сонымен қатар, «Шымкент инновация» мамандары тиiстi құжаттарды жинауға жан-жақты көмектесiп, бизнес-жоспар құруға жәрдемдестi, деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.

Кәсiпкер бұл жұмысынан бөлек немiстiң құрылыс материалдарын жергiлiктi саудагерлерге жеткiзiп берумен айналысады. Яғни, германдық әрiптестермен орнатқан iскерлiк байланыс негiзiнде дистрибьютерлiк қызмет көрсетедi.

Жылдың басында ұтып алған 6 миллион теңге грантқа Түркиядан мәрмәр құятын арнайы қалыптар алдыртты.

Мәрмәр шикiзатын кәсiпкер ұнтақ күйiнде сатып алады. Бiр қабы шамамен 3,5 мың теңге тұрады. Цехта мәрмәр құюдың негiзгi және ең жауапты жұмысын атқаратын ұста - Эфиопия елiнен келген түрiк маманы.

Қазақстанда мәрмәрдан бұйым жасаушы мамандықтар оқытылмайды, дейді Серік Дәрібаев.

Цех қондырғылары соңғы үлгiдегi техникалық құрал-жабдықтармен жарақталған. Онда бүгiнгi таңда 5 адам жұмыс атқарады. Бұл кәсiптiң адам денсаулығына келтiрер бiршама зияндылығы болғандықтан шеберлер соған лайықты жоғары жалақы алады.

Хабарламаларға жазылу