4 қараша күні шамамен сағат 3.30-да Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының Оңтүстік-Жезқазған кенішінде жарылыс болды.
Бұл туралы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
«Жарылыс № 65 шахтада болған. Алдын ала ақпарат бойынша, бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде екінші қызметкердің алған жарақаттарының ауырлығы анықталуда», - деді «Қазақмыс Қазақстан» ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі Владимир Магай.