Хромтау қаласы маңындағы шахтада жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хромтау қаласы маңындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

17.08.2021

Ақтөбе облысы Хромтау қаласы маңындағы шахтада жұмысшы қаза тапты. Тағы бірі жарақат алған.

Оқиға шахта ішінде кен орнын барлау кезінде болған. Қызметкерлер жарылыс толқынына тап болып, әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір тергеу жүріп жатыр. «Қазхром» акционерлік қоғамының ұжымы қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу