Генрих Янковский: Қазақ тілі – даладай кең, теңіздей терең, таудай биік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Генрих Янковский: Қазақ тілі – даладай кең, теңіздей терең, таудай биік

04.11.2014
Генрих Янковский: Қазақ тілі – даладай кең,  теңіздей терең, таудай биік

Осыдан аз уақыт бұрын Астанада түркі тұлғаларына қатысты «Түркі әлемі: тұлғалар тағылымы» атты конференция өтті.  Бұл конференцияға Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы университеттің профессоры,  түрколог ғалым Генрих Янковский де қатысқан еді.

«1980 жылы түркі тұлғалары туралы зерттей бастадым. Будапешт университетін тәмамдадым, қазір Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы университетте қызмет ететмін. Қазір де түрлі зерттеу жүргізіп келемін. Оның ішінде Қазақстанның орны ерекше. Әсіресе, қазақ тілімен байланысты»,-дейді ғалым.

Бір сөзінде «Қазақ тілі – даладай кең,  теңіздей терең, таудай биік», деген ғалым қазақ тілін жетік меңгеруі турасында «Менің қазақ тілін  жүйелі түрде үйренуіме мүмкіндік болған жоқ. Кітап, газет оқып үйрендім. Кейін студенттерге жағдай жасадық. Қазір олардың кітаптары да, жоспарлары да бар. Тек қазақтілді орта қажет»,-дейді.

Ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірін зерттеген. «Оның орны ерекше. Ұлттық тілдің негізін салған адам. Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі Қазақстанда жақсы зерттелген. Мен бұл конференцияда «Әдебиеттанытқыш» туралы баяндама жасадым. Өйткені, оның түркі дүниесінде, түркі әдебиетінде мәртебесі жоғары. Сол жылдары мұндай еңбек болған жоқ. Бұл – тұңғыш еңбек»,-дейді ғалым.

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу