Астана қаласын үш күннен бері қалың тұман басып тұр. Бұл таңғаларлық құбылысты жоғарыдан көз салсақ, зәулім ғимараттардың төбесі ғана көрінеді.
«Қазгидромет» РМК Қысқа мерзімді болжамдар басқармасының мамандарының айтуынша, бұл құбылыс суық ауа массаларының жылы ауамен алмасуы тұманның түсуіне себеп болды. Қазір суықтың көлденең бағытта ауысуы салдарынан адвективті тұман байқалып отыр. Яғни, оңтүстік циклондар суық ауа массаларымен алмасып жатыр.
Қазгидрометтің хабарлауынша, түнде және таңертең түрлі дәрежедегі тұман сақталады. Ал, 5 қарашада тұман болмайды. Көшпелі бұлт шығып, ауа температурасы +4, +6 °С болады.