Қазақстанда тұтынушылық несие нарығы 4 миллион адамды құрады.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
«2011-2013 жылдары тұтынушылық несиелендірудің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдаған болатынбыз. Сол үшін 30 пайыздық өсім белгіленді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылық несие нарығы 4 миллион адамды құрап отыр. Қазақстанда бұл бағыттағы көрсеткіш 5 пайыздан аспаған», - деді Ұлттық банк төрағасы.