Тұтынушыларды несиелендіруде шектеу енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушыларды несиелендіруде шектеу енгізіледі

14.02.2014
Тұтынушыларды несиелендіруде шектеу енгізіледі
 
Екінші деңгейлі банктер үшін тұтынушыларды несиелендіруде шектеу енгізіледі. Бұл туралы бүгін  Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
 
Қаржы секторын дамыту шараларының бірнеше бағыт аясында шоғырландырылатын атап өткен ол: «Біріншіден, 2014-2019 жылдар кезеңіне Базель-3 стандарты енгізіледі. Екіншіден, несие ресурстарын бөлу тиімділігі арттырылады. Атап айтқанда, тұтынушылық несие тәуекелдері төмендетіледі. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, бұл бағытта Ұлттық банк тұтынушылық кредиттерді жүзеге асыру барысында капиталды қалыптастыру бойынша  жоғары талап енгізеді. Сәйкесінше, пруденционалды нормативтер енгізу арқылы 30 пайыздан астам көлемдегі қамтамасыз етілмеген тұтынушылық займдарының өсу қарқыны шектеледі», - деді ол.
 
Сонымен бірге, Қ.Келімбетов несие алушының жиынтық қарыздық жүктемесінің шекті көлемі енгізілетін болады деп атап өтті. Яғни, тұлғаның займ бойынша ай сайынғы төлемі оның айлық табысының 50 пайызынан аспауы тиіс. Ал бұл деңгейден займ асатын болса, онда банк несие бермеуі қажет.

Хабарламаларға жазылу