26 қазанда Қазақстанның Франциядағы мәдениет маусымы аясында Париж қаласындағы Елисей алаңы театрында (Théâtre des Champs Élysées) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры «Абай» операсын қойды.
Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің туындысы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, атақты дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен өтті.
Елисей алаңы театрындағы қазақстандық әртістердің қойылымын париждік өнерсүйер қауым үздік бағалады. Көрермендерге арнайы француз тілінде субтитр дайындалды.
Айта кету керек, 31 қазан мен 2 қараша аралығында Париждің Palais Royal алаңында «Қазақ ауылы» ұйымдастырылмақ.