Бүгінгі таңда қаракөздерді қанатына басып, қамқорлық көрсетіп жатқан азаматтар жоқ емес. Елордада арнайы шара ұйымдастырылып, кең пейілді жандар марапатталды.
Шарада ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасында тәрбиелеп отырған 100 қамқоршыға арнайы грамоталар мен сыйлықтар тапсырылды.
Бүгінде елордада ата-анасының қарауынсыз қалған 1029 қаракөз болса, оның 383-і интернаттық мекемелерде тәрбиеленуде.
2014 жылы 103 бала асырап алынған. Оның ішінде 65 бала Балалар үйінен асырап алынса, 26 бүлдіршін туған отбасына қайта оралған. Ал, қалған 6-ы патронаттық тәрбиеде.