2014 жылы Павлодар облысында сәбилер үйінен 102 бала асырап алынған
Қазіргі таңда сәби асырап алу үшін кезекке тұрған 155 ата-анаға кем дегенде 2 жыл күтуге тура келеді. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Хабдулхабар хабарлады.
Жергілікті АХАЖ бөлімінің басшысы Мараш Ахмединованың айтуынша, асырап алынған балалар туралы ақпарат сыртқа шығарылмайды, яғни құпия түрде сақталады. Бір жасқа толмаған баланы бауырына басуға ниет білдіретіндердің қатары сирек. Ата-аналар көбіне 4-5 жасқа толған балғындарды алғысы келеді.
Өңірде соңғы кездері жетім балаларды асырап алғысы келетін жандардың саны өскен.
Бұдан басқа, ата-аналар балаларды қамқорлыққа және патронаттық тәрбиеге ала алады. 2013 жылы 56 бала қамқорлыққа алынса, 2014 жылы мұндай отбасылардың саны 70-ке жеткен.
pavlodarnews.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03