Астанада сейсмология орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада сейсмология орталығы ашылады

27.10.2014
Астанада сейсмология орталығы ашылады

Елордада «Астана» республикалық сейсмология орталығы құрылады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Оңтүстік және Орталық Азиядағы  сейсмология мен сейсмикалық құрылыс облысындағы өңірлік ынтымақтастық» атты семинарда Қазақстандағы «Сейсмология институты»  ЖШС-нің директоры Таңатқан Абақанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жобаның мақсаты - сейсмикалық апаттарға қарсы тұру және және жер сілкінісін болжау жұмыстарын одан әрі жалғастыру.

Айта кету керек, басқосудың мақсаты - сейсмология мен сейсмикалық құрылыс саласында еңбек ететін ғалымдар мен инженерлердің басын қосу. Өзара тәжірибе алмасу және жер сілкінісін болжау мен оның салдарын бәсеңсіту саласындағы әдістемелерді жетілдіру жолдарын талқылау.

Семинарға Оңтүстік және Орталық Азиядан, Еуропа мен АҚШ-тан 80-нен астам ғалымдар мен инженер мамандар қатысуда. 

Хабарламаларға жазылу