Астанада 5 жаңа қонақүй ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 5 жаңа қонақүй ашылады

18.08.2014
Астанада 5 жаңа қонақүй ашылады

Астанада жыл соңына дейін жаңа қонақүй мен мейрамхана кешендері, сондай-ақ, бірқатар сауда-логистикалық орталығы ашылады. Бұл туралы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлады, деп мәлімдеді Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Жыл соңына дейін Қорғалжын тас жолы, Б.Момышұлы даңғылы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы, Мәскеу көшесі және т.б. орналасқан 5 қонақүй және мейрамхана кешені іске қосылады.  

Сонымен қатар, «Астық логистик» ЖШС, «Жасылтас» ЖШС, «Astana food trade» ЖШС сияқты бірқатар сауда-логистикалық орталығы өз жұмысын бастамақ. 

Астанада жаңа сауда нысандарының ашылуынан басқа, бұрынғы сауда орындары да абаттандырылып жатыр.  

Мысалы, тұрақтарды абаттандыру, көгалдандыру, асфальттау және белгілеу, өрт дабылын, қоқыс жәшіктерін, орындықтар мен демалатын күркелер орнату, темекі шегетін орындар жасау, дәретханаларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, қосымша тоңазытқыш жабдығы сатып алынды, пандустар жөнделді, мүгедектерге арналған жеделсаты орнатылды, заңсыз және ескі жарнамалар алынып тасталды. Осы және басқа да жұмыстарға  1 000-нан  астам адам тартылды. 

Хабарламаларға жазылу