«Құлмамбеттің құлыны» атты жас ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құлмамбеттің құлыны» атты жас ақындар айтысы өтті

27.10.2014
«Құлмамбеттің құлыны» атты жас ақындар айтысы өтті

Оның ғұмыры қамшының сабындай тым қысқа болды. Ол бар-жоғы 29 жыл ғұмыр кешті. Ол айтыс өнерінің аспанында қанатын кең қомдаған ақын Оразалы Досбосынов болатын. «Құлмамбеттен қалған құлынның» өмірден өткеніне биыл – 10 жыл.

Оразалының бүгінгі жоқтаушысы өнерді сүйетін, өнерге жанашыр жұрты. Оразалы ақын айтыс өнерінде үлкен құбылыс болды. Бүгінде елімізде ақынды еске алу құрметіне түрлі шара өтуде. Соның бір дәлелі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «Құлмамбеттің құлыны» атты республикалық жас ақындар айтысы.

«Оразалыдай кемелдік бір жылда келе қоятын дүние емес. Ол сахнада ұзақ уақыт қалыптасып, өзінің даралығымен, стилімен айтыс тарихында қалды. Кешегі өткен айтыста да сондай бір талапты жастарды көрдік. Солардың болашағынан үлкен үміт күтеміз»,-дейді  айтыскер ақын Балғынбек Имашев.

Дүбірлі додаға Ораз ақынның жолын қуған 12 ақын қатысты. Айтыстың бас жүлдесін астаналық Таңжарық Ержан мен ақтөбелік Данияр Алдаберген өзара бөлісті.

Айтыс туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу