Ғани Мұратбаев – халқының болашағы үшін бар уақытын сарқа жұмсады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғани Мұратбаев – халқының болашағы үшін бар уақытын сарқа жұмсады

24.10.2014
Ғани Мұратбаев – халқының болашағы үшін бар уақытын сарқа жұмсады

Ғани Мұратбаев - қазақ халқының маңдайына біткен дара туған тұлға. Ол Кеңес дәуірінде туып, сол заман орнатқан комсомолға қызмет ете жүріп, өз халқының бақыты, болашағы үшін бар уақытын сарқа жұмсады.

Ол дүниеден озса да, соңында тағылымды жолы, ізгілікті ізі, өзін қадірлейтін халқы қалды. Ол оқыған Қызылордадағы мектеп бір жарым ғасырлық тарихты арқалап, бүгінде тәуелсіз мемлекеттің білім ордасына айналған.

Ғани өз заманына сай, уақыт толқынына ілесе білген асқақ ойлы, ер кеуделі азамат еді. Елдің жоғын жоқтады, халқымен бірге мұңайды, бірақ болашаққа сенді. Халқымыздың абзал азаматы аққан жұлдыздай аз жасаса да,  ел мүддесі үшін жасаған жанқиярлық еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Бүгін 13.55-те «Ұлт мақтанышынан» Ғани Мұратбаев турасындағы деректі фильмді көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу